Азия пандемияға қарамастан дамудың оң қарқынын сақтап қалды – Сергей Лавров

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азия пандемияға қарамастан дамудың оң қарқынын сақтап қалды. Бұл туралы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі Сыртқы істер министрлерінің 6-кездесуінде Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екі жылға жуық уақыт бойы күресіп келе жатқан коронавирустың талқандағыштығына әрі ымырасыздығына қарамастан, Азия дамудың оң қарқынын сақтап қала алды», - деп атап өтті Ресей Сыртқы істер министрі.

Оның айтуынша, Азияның ортақ дағдарысқа қарсы әлеуеті мен ұжымдық шешімдерді іздеуге деген бірлескен ұмтылысы ауқымды сын-тегеурінге төтеп беруге және олардың салдарын еңсеруге мүмкіндік берді.

«Өкінішке орай өңірдегі геосаяси ахуал күрделене түсіп, оның жалпы қамтымды, көпжақты кооперация және интеграция координациясы жүйесіне етуін тежеп отыр. Ахуалды мақсатты түрде қоздыруға, мемлекетаралық өзара іс-қимылдың қолданыстағы тетіктерін шатқаяқтатуға тырысушылықты да көріп отырмыз. Оған қырғи-қабақ соғыс және тежеу саясаты логикасымен құрылатын эксклюзивті құрамдар мен әскери блоктардың шағын форматты құрылымы да өз үлесін қосады», - деді Сергей Лавров.


Соңғы жаңалықтар