Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 17-ші қола медаль түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық таэквондошы Ерасыл Қайырбек 2018 жылғы Азия ойындарында қола медаль алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.

Ол 68 килограмға дейінгі салмақ санатында өнер көрсетті. Жартылай финалда Оңтүстік Корея спортшысы Дахун Лимен кездесіп, оған 10:32 есебімен жол берді. Финал жолдамасын жеңе алмаса да, құрама қоржынына бір қола медаль салды.

Қазақстан еншісіндегі 25 медальдың 17-сі қола медаль болып тұр. Қола медальдар саны жағынан Жапония (29) бірінші, Корея (27) екінші орында тұр. Ал жалпыкомандалық есептің көш басында тұрған қытайлықтар 16 қоламен төртінші орынға сырғыды.

Соңғы жаңалықтар