Азия ойындарында бақ сынайтын еліміздің дзюдодан ерлер құрамасы белгілі болды

None
Photo: olympic.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарында бақ сынайтын дзюдодан ерлер құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дзюдодан ерлер құрамасы сапында Мағжан Шамшадин (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Дидар Хамза (90 келі), Нұрлыхан Шархан (100 келі), Ғалымжан Қырықбай (100 келі) шаршы алаңға шығады.

Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. 40 спорт түрінен медальдар жиынтығы сарапқа салынады.

Қазақстандық спортшылар 1994 жылдан бері Азия ойындарына тұрақты түрде қатысып келеді. Қазірге дейін барлығы 557 медаль еншіледі. Олардың 155-і алтын, 158-і күміс, 244-і қола. Медальдар кестесінде алтыншы орында тұр.

Ал дзюдошылар Азия ойындарында барлығы 36 медаль еншілеген. Оның ішінде 2-і алтын, 13-і күміс, 21-і қола.

Олардың арасынан 2014 жылы Елдос Сметов (60 келі) пен Дидар Хамза (90 келі) чемпиондық тұғырға көтерілді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Азия ойындарында бокстан ел намысын кімдер қорғайтыны белгілі болды.


Соңғы жаңалықтар