Азия ойындарына Түркістан облысынан 52 спортшы қатысады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - 18 тамыз - 2 қыркүйек аралығында Индонезияда XVIII жазғы Азия ойындары өтеді. Дүбірлі бәсекеге Қазақстаннан 400-ден астам спортшы қатысады. Ал, Түркістан облысынан 52 спортшы бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы, Азия ойындарынан Түркістан облысы мен Шымкент қаласының спортшылары алтын медальсіз қайтқан емес. Тиісінше, ортақ жеңіске қомақты үлес қосып келеді. Мәселен, 2014 жылғы Инчхондағы Азия ойындарында оңтүстік өрендері 5 алтын, 6 күміс және 17 қола медаль олжалады. Биыл да сол биіктіктен түспеу міндеті тұр. 

Индонезия төрінде Қайрат Ералиев пен Бекдәулет Ибрагимовтен (екеуі де бокс), Тимур Хайдаров, Тимофей Емельянов, Сергей Емельянов, Евгений Алексеев (байдарка және каноэде есу), Отгонцэцэг Галбадрах (дзюдо) сынды спортшылардан ел алтын жүлде күтеді. Сондай-ақ, оқ ату және стенд ату шеберлері мен таеквондо, каратэ спортының өкілдері де қоржынға жүлде салады деген сенім бар. 

Соңғы жаңалықтар