Азия ойындары медалін 22 мемлекет алып үлгерді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан ХVIII Жазғы Азия ойындарында 22 мемлекеттің спортшылары медаль алып үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан спортшылары кешегі күннің қорытындысы бойынша 1 алтын, 5 күміс, 7 қола (13) медальмен алғашқы ондықты қорытындылап тұр. Ал 30 алтын, 18 күміс, 12 қола (60) медаль еншілеген қытай спортшылары барлық қарсыластарынан оқ бойып озып кеткен.

Ал оңтүстіккореялық спортшылар 8 алтын, 12 күміс, 14 қола медальмен үздік үштікті түйіндеп тұр.

Үздік ондықта тұрған мемлекеттер:

1. Қытай - 30 алтын, 18 күміс, 12 қола (60)

2. Жапония - 12 алтын, 17 күміс,  18 қола (47)

3. О. Корея - 8 алтын, 12 күміс,  14 қола (34)

4. Индонезия - 5 алтын,  2 күміс, 5 қола (12)

5. Иран - 4 алтын,  3 күміс,  5 қола (12)

6. С. Корея - 4 алтын,  1 күміс, 3 қола (8)

7. Үндістан - 3 алтын,  3 күміс, 4 қола (10)

8. Қытайлық Тайпей - 3 алтын,  2 күміс, 5 қола (10)

9. Моңғолия - 2 алтын, 1 күміс, 4 қола (7)

10. Қазақстан - 1 алтын, 5 күміс, 7 қола (13)

Соңғы жаңалықтар