Азия ойындары: Қазақстан 9-ыншы «алтынды» жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық спортшылар ел қоржынына тоғызыншы алтын медальды салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Бүгін, 30 тамыз күні (сағат 07.30-да) Жакартада каноэ мен байдаркада ескек есуден финалдық кезеңдер басталды. 500 метрге жарысуда Қазақстан командасы мәре сызығын бірінші болып кесіп өтіп, «алтынға» қол жеткізді.

Бұл сында ел намысын Илья Голендов, Сергей Токарницкий, Алексей Дергунов, Евгений Алексеев қорғаған болатын. Спортшыларымыздың уақыт көрсеткіші - 1.24.203.

Күміс жүлде - Оңтүстік Корея (1.25.313), қола жүлде Иран (1.26.939) құрамасының еншісінде.

Қазақстан құрамасы үшін бұл Азия ойындарындағы 52-інші медаль, оның 9 - алтын, 9 - күміс және 34 - қола. 

Көш басында жарыстың алғашқы күнінен бері Қытай құрамасы келеді. 29 тамыздағы көрсеткіш бойынша олардың еншісінде 102 алтын, 67 күміс, 50 қола (219) медаль бар. Екінші орынға 52 алтын, 47 күміс, 63 қола  (162) медальмен әзірге жапониялықтар орналасып отыр. Үшінші орында 37 алтын, 42 күміс, 50 қола (129) медальмен - Оңтүстік Корея.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 30 тамыз күні қазақстандықтар спорттың 9 түрінен бақ сынайды:

Байдарка мен каноэде ескек есу. Финал. Ерлер мен әйелдер

С. Емельянов, Т. Емельянов, А. Ергучев, И. Голендов, А. Дергунов, С. Токарницкий, Е. Алексеев

Басталуы:  07.30

Дзюдо. Ерлер мен әйелдер

С. Нышанбаева (57 кг), И. Бердібекова (63 кг), З. Бектасқызы (70 кг), Ж. Смағұлов (73 кг), Д.Хамза (81 кг)

Басталуы: 08.00

Велотрек. Омниум. Ерлер

А. Захаров

Басталуы: 08.00

Волейбол. Ерлер

Қазақстан - Моңғолия

Басталуы: 09.00

Регби. Әйелдер

Қазақстан - Таиланд; Қазақстан - Жапония

Басталуы:  11.00  және 14.45

Батутта секіру. Ерлер

П. Әлиев

Басталуы: 12.30

Су добы. Ширек финал. Ерлер

Қазақстан - Индонезия

Басталуы: 15.30

Жеңіл атлетика. Финал. Әйелдер

О. Рыпакова, И. Эктова, Т. Нерознак, әйелдер арасындағы эстафета

Басталуы: 17.30

Күрес. Ерлер мен әйелдер

Е. Мырзапаров, К. Тайжанова, Г. Аманханова

Басталуы: 13.00.

Соңғы жаңалықтар