Азия құрлығы нақты түрде ХХІ ғасырдағы әлемдік қаржы орталығына айналып келеді - Сенат Төрағасы

None
None
күйектің 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Азия құрлығы нақты түрде ХХІ ғасырдағы әлемдік қаржы орталығына айналып келеді. Бүгін елордада өтіп жатқан Азиялық саяси партиялар Халықаралық конференциясында сөз сөйлеген ҚР  Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі әлем шынымен де біздің көз алдымызда өзгеріп жатыр. Мәселен, осыған дейін артта қалған деп саналатын мемлекеттер бүгінгі күні  әлемнің ең шапшаң дамитын экономикасына айналуда. Егер осыдан 50 жыл бұрын әлемдік жалпы ішкі өнімнің 60 пайызы «үлкен жетілік» елдеріне тиесілі болса, қазір керісінше әлемдік өндірістің 60 пайызы сол елдерден тыста қалып отыр. Жаңа ойыншылар тарапынан бәсекелестік  жедел өсіп, оның ішінде жоғары технология мен ғылыми қамтымды сала қарқындап тұр», деді Қ. Тоқаев. Оның айтуынша, қазіргі таңда азиялық мемлекеттер әлемдік нарықта белсенді де салмақты «ойыншыға» айналған. Құрлық мемлекеттері әсіресе инновация, ядролық энергетика, ғарышты игеру, көлік және коммуникация салаларында әлем елдері арасында алдыңғы орындарға шығып келеді.  «Шындығында әлемдік сауда орталығы біртіндеп Азияға ауысып жатыр. Азия құрлығы нақты түрде ХХІ ғасырдағы әлемдік қаржы орталығына айналып келеді. Сондықтан да дәл осы жерде көбінесе болашақ дағдарыс кезеңіндегі нұсқалар айқындалатын болады», деді Сенат Төрағасы.

Сонымен бірге, Қ. Тоқаев сөз арасында азиялық құрлықтың әлемдік қауымдастық назарын өзіне қаратып отырған басқа да қырларына, проблемаларына тоқталып өтті. Төрағаның айтуынша, соңғы онжылдықта азиялық проблемалар сипаты қатты өзгерген. Мәселен, ондай мәселелер өте-мөте өңірлік болудан қалып, ғаламдық ауқымға ене бастаған. «Ендігі күні Азияның жағдайы  барлық әлемдік өркениеттердің көңіл күйіне әсер ететін болады. Құрлықтағы жекелеген мемлекеттер арасында территориялық келісе алмаушылықтар орын алуда. Жергілікті қақтығыстардың шешімі табылмай өткірленіп отыр, ядролық қаруды таратпау режимі де көптеген сауал тудырады. Мінеки, осындай проблемалар   халықаралық қатынастың жаңа жүйесінің төзімділігіне айтарлықтай сынақ болатыны сөзсіз», деді Қ. Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар