+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Азия қаламгерлеріне ортақ журнал жарық көреді

2019 жылғы 6 қыркүйек 20:14
Бөлісіңіз:
Азия қаламгерлеріне ортақ журнал жарық көреді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада өткен Азия қаламгерлерінің тұңғыш форумында әдеби журнал мен газет нөмірлерін бірлесіп шығару туралы шешім қабылданды. Бұл жайында Тәжікстан Жазушылар одағының төрағасы Низом Косим айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Азияның поэзиялық жаңа толқынын бастауға шақырамын - моңғол ақыны Мэнд Ооёо Тоқаев Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым» дегені нені меңзейтіндігін айтты Көне жәдігерлердің құндылығы неде – Қазақстан Президенті жауабын берді

«Форум бірлескен жұмыстардың әрі қарайғы жоспарын белгілеу үшін өте ыңғайлы алаң болды. Біз алдағы уақытта әдеби журналдар мен газеттердің бірлескен нөмірін шығаруға уағдаластық. Бұл оқырмандарымыздың өзге елдердің, көршілерінің әдеби шығармашылығымен таныс болуы үшін жасалады. Меніңше, бұл да халықтарымызды жақындастыра түсуге септігін тигізеді», - деді Низом Косим форумның жабылуына арналған салтанатты шара аясында.

Оның атап өтуінше, аталған басылымдардың форматы алдағы уақытта егжей-тегжейлі талқыланады. Басылым нөмірі жергілікті немесе шетелдік қаламгердің шығармаларына не болмаса нақты бір елдің әдебиетіне арналуы мұмкін.

«Барлық, әсіресе бұрынғы кеңестік кеңістіктен шыққан Жазушылар одағының негізгі жұмыс бағыттарының бірі - өзге елдермен, әсіресе бауырлас республикалармен мәдени байланысты жолға қойып, нығайту. Бұл орайда Қазақстан бәрімізді басып озды. Бұл - елдеріңізде өтіп жатқан осымен үшінші халықаралық әдеби шара болып отыр. Мен оның екеуіне қатысқан едім. Тамаша әсер алдым», - деді ол.

Айта кетейік, форум аясындағы үш күн ішінде ұйымдастырушылар мен қатысушылардың арқасында ауқымды да жемісті істер атқарылды. Панельдік сессиялар, пікірталас, кездесулер сəтті өтіп, меморандумға қол қойылып, Жазушылар аллеясы ашылды. Бірінші күннің жалпы отырысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысып, нақты ұсыныстар да жасады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT