Азия Даму банкі Қазақстанмен инфрақұрылымды дамытуда ынтымақтастықты күшейтпек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Азия Даму Банкі президенті Такехико Накаоның пікірінше, Қазақстанға жағымды инвестициялық климатты сақтап қалу аса қажет.

Осы бағытта АДБ Қазақстанмен инфрақұрылымды дамыту бағытында ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті. Бұл пікірін Такехико Накао бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Азия Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы отырысы аясындағы баспасөз мәслихатында айтты.

«Қазақстан үшін жағымды инвестициялық климатты сақтап қалу аса маңызды, бұл үшін ашық инвестициялық және сауда режімі керек. Мемлекет ашық болуы керек»,- деді АДБ президент.

Осыған орай, Үкіметтің қадамына тоқталған Такехико Накао, адами ресурстарды дамыту қажеттілігін ескерудің маңызын айтып, шағын және орта кәсіпкерлікке мейлінше назара аударуға тоқталды. «Бұл ретте министр Досаев мырза Қазақстандағы инвестициялық климатты жақсартудың кешенді жоспарында жеті қадамға басымдық беріп отыр. Менің ойымша, бұл жеті қадам аса маңызды элементтерді қамтиды. Сонымен қатар, инфрақұрылымды дамыту аса өзекті. Өйткені, инфрақұрылымсыз, энергетикасыз, жолсыз бизнесте мүмкіндіктер болмайды, азаматтардың жақсы өмірін қамтамасыз ету де мүмкін емес. Сондықтан да, Азия Даму Банкі Қазақстанмен инфрақұрылымды дамыту бағытында ынтымақтастықты арттыруға ниетті», - деді Т. Накао.

Соңғы жаңалықтар