Азия даму банкі Қазақстан экономикасының өсіміне болжам жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Азия даму банкі Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2019 жылы 3,5 пайыз болатындығына болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған қаржы ұйымының есебіне сілтеме жасап.

АДБ-ның негізгі экономикалық басылымы «Азия дамуының шолуына» сәйкес, Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2018 жылғы 4,1 пайзыдан 2019 жылы 3,5, ал 2020 жылы 3,3 пайызға дейін төмендейді. Инфляцияның орташа көрсеткіші осы болжам бойынша 6 пайыз шамасын сақтап қалмақ. Ұлттық банктің биылғы жылға жасаған сараптамасында оның 2020 жылы 5,5 пайызға дейін төмендеуі күтілген. Болжам бойынша, азық-түлік бағасының өсімі 2019 жылғы 5,2 пайыздан 2020 жылы 5 пайызға дейін бәсеңдейді. Бұл отандық өнімді қолдау, негізгі азық-түлік пен баға саясатын жекелей бақылау сынды міндеттерді орындау үшін арналған мекемелерді тұрақтандыру қорының шарттарына сәйкес қадамдар болмақ.

«Тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету және жеке секторды дамытуға жәрдемдесу үшін банк жүейсінің сау болуы да өте маңызды» - деді Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Джованни Капаннелли.

Басылымдағы деректерге қарағанда, өнеркәсіптік өсім 2019 жылы 4,3, ал 2020 жылы 4,4 пайызды құрауы тиіс. Себебі өңдеу өнеркәсібі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік инвестициялардың көлемі мұнай өндірісінің баяу өсуін біршама байқатпай, орынын толтырып тұруы қажет.

Қазақстан Орталық Азия елдері ішінде 1994 жылдан бері АДБ-нің алғаш мүшесі болған мемлекет. Әріптестік құрған 25 жыл ішінде банктен 5 млрд АҚШ долларға тәуелсіз қарыз алынып, ауыл шаруашылығына несие берілген. Сондай-ақ, 50 млн АҚШ доллары транспорт, агро сектор, сумен қамту, білім және денсаулық, қаржылық басқару, мемлекеттің өзге де бағыттарына кепілдендірілген техникалық көмек ретінде көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар