Азия чемпионы Эльмира Сыздықова бүгінгі жеңісі жөнінде пікір білдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер күресінен Азия чемпионаты атанған Эльмира Сыздықова (76 келі) алған жүлдесі жайлы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрлықтық додада ол финалда қырғызстандық Айпері Медетқызымен шеберлік байқасып, қарсыласынан басым түсті.

Осылайша екінші мәрте Азия чемпионы атағына ие болды.

«Барлығы жоспар бойынша жүрді. Мақсатыма жеттім. Өзімнің жетістігіме ризамын. Жарақатыма байланысты үлкен үзіліс болды. Енді ақырындап бабыма келдім. Барлық жанкүйерге рақмет. Өте қуаныштымын», - деді Эльмира Сыздықова.

Құрлықтық додада ол өзбекстандық Озода Зарипбаеваны, қытайлық Хуан Вангті тізе бүктірді.

Эльмира осыған дейін Азия чемпионатында 1 алтын, 2 күміс, 3 қола алған еді.

Еске салсақ, бұған дейін ел құрамасынан Марина Седнева (55 келі), Елена Шалыгина қола алды.

Енді 12 сәуірде әйелдер күресінен 53, 57, 62, 65, 72 келі салмақта балуандар бақ сынайды.

Соңғы жаңалықтар