Азия чемпионы атанған боксшы қыздар қазақстандықтарға алғыс айтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бокстан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионы атанған Жасмин Қизатова мен Гүлсая Ержан өз жеңістеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрлықтық дода Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатыр. Онда ел құрамасынан 70 келі салмақтағы Жасмин Қизатова мен 81 келі санатындағы Гүлсая Ержан чемпиондық тұғырға көтерілді.

Ж.Қизатова финалда өзбекстандық Азиза Зокировадан басым түсті. Ал Г.Ержан таиландтық Пурннипа Чутиді жеңді.

«Жеңісімді Қазақстанға арнаймын. Қазақстандықтардың қолдауына үлкен рақмет айтамын», - деді Жасмин Қизатова.

«Барлық қарсыласымның дайындығы жоғары болды. Финалда таиланд боксшысымен кездестім, жекпе-жек өте қиын болды. Барлық қазақстандық жанкүйерлерге ризашылығымды білдіремін», - деді Гүлсая Ержан.

Айта кетейік, жартылай финалға барлығы 9 қазақстандық боксшы шыққан еді. Олардың қатарынан Мөлдір Тойкова (50 келі), Әнел Сақыш (54 келі), Виктория Графеева (57 келі), Шахназ Исаева (60 келі), Назерке Серік (63 келі), Ақнар Ищанова (66 келі), Дана Дидай (75 келі) қола жүлдені місе тұтты.

Қазақстанның ерлер құрамасы финалдық кездесуін 26 қаңтар күні өткізеді. Азия чемпионы атағы үшін барлығы 6 боксшымыз таласады.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Asian Boxing Confederation (@asbc_official)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Asian Boxing Confederation (@asbc_official)

Соңғы жаңалықтар