Азия чемпиондары мен жүлдегерлері елге оралды
Сары құрлық бəсекесінің жүлдегерлерін əуежайдан Қазақстан бокс федерациясының өкілдері, туыстары, достары, журналистер мен жанкүйерлер сəн-салтанатымен күтіп алды.
«Бізді қолдаған барлық жанкүйерге зор алғыс айтамын. Біз үшін уайымдап, жеңіс тілегендеріңізді жақсы білеміз. Бангкоктағы додаға келетін болсақ, мен ол жерде 57 келіге дейінгі салмақта сынға түстім. Бұл Олимпиада бағдарламасына кіретін салмақ. Енді ауысқандықтан қиындау болды. Соған қарамастан, жақсы нəтиже көрсеттім деп ойлаймын. Мақсат баяғыдай – Олимпиада алтынын жеңіп алу», - деді Ұлттық құрама көшбасшысының бірі Махмұд Сабырхан.
Ал, Абзал Серік (67 келі), Сабыржан Аққалыков (71 келі), Диас Молжігітов (75 келі) күміс медаль алды.
Ел құрамасынан Талғат Сырымбетов (60 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі), Ерасыл Жакпеков (80 келі), Ерхат Бекзат (92 келі), Аманат Сабырғали (92 келіден жоғары) қола жүлдені қанағат тұтты.