Азия чемпиондары Қайпанов пен Қайсанов Италиядағы халықаралық турнирде бақ сынайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еркін күрестен Азия чемпиондары Нұрқожа Қайпанов пен Данияр Қайсанов Италияда 22-26 мамырда өтетін халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық олимпиада комитеті мәлім еткеніндей, еркін күрестен ҚР құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев аталмыш рейтингілік турнирде бақ сынайтын балуандардың есімін жария етті.

Атап айтқанда, 61 кг салмақта Жандос Исмаилов пен Расул Қалиев сынға түседі.

Сондай-ақ ел намысын Саятбек Оқасов (65 кг), Нұрқожа Қайпанов (70 кг), Данияр Қайсанов (74 кг), Шамиль Мұртазов пен Ғалымжан Өтембаев (79 кг), Азамат Дәулетбеков (86 кг), Нұрғали Нұрғайыпұлы (92 кг) және Бақдәулет Әлментай (97 кг) қорғайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпановтың, содан кейін тағы бір қазақстандық балуан Данияр Қайсановтың Азия чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар