Азия чемпионатында қазақстандық 21 боксшы жүлдеге таласады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында жартылай финалға шыққан боксшылар саны жөнінен көш бастап тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел құрамасынан жартылай финалға 21 боксшы жетті. Бұл жөнінен қазақстандық спортшылар әзірге көш басында келеді.

Одан кейінгі орындарда Өзбекстан (13 боксшы) және Үндістан (12 боксшы) құрамалары тұр.

Ал төртінші орынға Моңғолия (10 боксшы) жайғасса, алғашқы бестікті Жапония мен Иордания (7 боксшы) қорытындылайды.

Ерлер арасында да қазақстандық боксшылардың саны (12 боксшы) басым. Екінші орында Өзбекстан (10 боксшы) келе жатса, үздік үштікі Моңғолия, Иордания және Үндістан (5 боксшы) түйіндеп отыр.

Әйелдер арасында да қазақстандықтар көш бастап келеді. Құрама сапында 9 боксшының жүлдеге таласуға мүмкіндігі бар.

Одан кейінгі орындардағы Үндістанның 7, Оңтүстік Кореяның Кореяның 6 боксшысы жартылай финалға жетті.

Еске салсақ, бұдан бұрын Азия чемпионатында қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталғанын хзабарлаған едік.

Фото: sports.kz



Соңғы жаңалықтар