Азия чемпионатында Қазақстан шахматшылары алтын және күміс медаль алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан шахматшылары Құрлықтық Азия чемпионатында алтын және күміс медальдар еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Шахмат федерациясына сілтеме жасап.

25 қазан – 4 қараша аралығында Үндістанның Дели қаласында Құрлықтық Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Ринат Жұмабаев шапшаң ойында Азия чемпионы болды. «Күміс» Арыстанбек Оразаевқа бұйырды.

Әйелдер турнирінде қазақстандық шахматшы Ксения Балабаева блицте 7-орын алып, үздік ондыққа енді.

Ал басты турнир – классикалық шахматта үздік бестікке қазақстандық Лия Құрманғалиева енді. Еске салайық, Италияда өткен Әлем чемпионатында (20 жасқа дейінгілер) Лия чемпион Говхар Бейдуллаеваны жеңіп, 6-орын алған болатын.




Соңғы жаңалықтар