Азия чемпионатында Алуа Балқыбекова жартылай финалға шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иорданияның Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Алуа Балқыбекова бастапқы кездесуін сәтті өткізіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Азия чемпионы Алуа Балқыбекова 48 келіге дейінгі салмақта Таиланд елінің өкілі Тхипсатча Йодваримен кездесті.

Алуа бойы мен қолының ұзындығын пайдаланып, таиландтық боксшыны тұсап тастады. Төрешілер де жеңісті бір ауыздан қазақстандық спортшыға берді – 5:0.

Осылайша, Алуа алтынға бір қадам жақындай түсті.

Бүгін енді Қазақстаннан Римма Волосенко бақ сынайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына сегізінші медаль түскенін жазған болатынбыз.

Азия чемпионатында қазақстандық жеті боксшының сынға түсетіні хабарланды.

Азия чемпионатында Махмуд Сабырхан мен Серік Теміржанов жүлде алды.

Бұған дейін тағы бір қазақстандық боксшы жүлдеге ілікті.

Сондай-ақ, Санжар Тәшкенбай жүлдегерлер сапына қосылды.

Дулат Бекбауов жартылай финалға шықты.

Соңғы жаңалықтар