Азия чемпионаты: Жартылай финалда 11 боксшымыз сынға түседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан Азия чемпионатының ширек финалы мәресіне жетті. Қазақстандық 11 былғары қолғап шебері жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетерлігі, Таиланд еліне біздің елдің жігіттері мен қыздар құрамасы толық құрамда аттанды. Дегенмен бүгінгі күнге дейін ел намысын қорғаған 10 жігіттің арасынан Әнуар Мұзаппаров (52 келі) және Қайрат Ерәлиев (56 келі) жарыс жолынан шығып қалды. Бүгін олардың қатарына Асланбек Шымбергенов (69 келі) қосылды. Ол Бобо-Усмон Батуровтан жеңілді. Енді жартылай финалда жігіттерден Теміртас Жүсіпов (49 келі, Закир Сафиуллин (60 келі), Санатәлі Төлтаев (64 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі), Бек Нұрмағанбет (81 келі), Василий Левит (91 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары)null

Ал бұдан бұрын қыздардан Сәния Сұлтанқызы (57 келі) және Алуа Балқыбекова (48 келі) қарсыластарынан есе жіберсе, бүгін Дина Жоламан (54 келі) қытайлық Шуан Шиге, Римма Волосенко (60 келі) үндістандық Лаишрам Девиге жол берді. Ал Ақерке Бақытжан (75 келі) қытайлық Ли Шианнан, Назым Қызайбай (51 келі) үндістандық Заин Нихаттан жеңіліп қалды. Ендігі кезекте қыздардан 4 боксшы жартылай финалда сынға түседі. Олардың қатарында Милан Сафронова (64 келі), Дариға Шәкімова (69 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) бар. Милан Сафронова бүгін жапон Аяка Тагучиді тізе бүктірсе, кеше Дариға Шәкімова Моңғолиядан келген Эрденетуя Энхбаатарды сүріндірді. Жеребе нәтижесімен Фариза Шолтай (81 келі) мен Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) бірден жартылай финалда сынға түседі. null

Азия чемпионатына Қазақстан құрамасы 1994 жылдан бері қатысып келеді. Біздің боксшылар жалпы командалық есепте алтын алу жөніне 1994, 1995, 2004, 2011, 2013, 2015 жылдары көш басында болған еді.

null

Соңғы жаңалықтар