Азия чемпионаты: Қос боксшымыз жартылай финалға шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық қос боксшы Бангкокта өтіп жатқан бокстан Азия біріншілігінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін ширек финалдың күндізгі сессиясында 75 келіге дейінгі салмақта отандасымыз Тұрсынбай Құлахмет өзбекстандық Исраил Мадримовпен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске қол жеткізді. Қазір Құлахметтің еншісінде кемінде қола медаль тұр деген сөз.

Одан кейін рингке көтерілген 60 келі салмақтағы тағы бір отандасымыз Закир Сафиулллин да ширек финалда қытайлық қарсыласын ұтып, жартылай финалға жолдама алды.

Енді кешкі сессияда (17:00) тағы екі боксшымыз жұдырықтсады. 69 келі. Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) - Бобо-Усмон Батуров (Өзбекстан) +91 келі. Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) - Одай Альхивдави (Иордания)

Еске салайық, кеше 2019 жылғы Азия чемпионатының жартылай финалына үш боксшымыз жолдама алды: Теміртас Жүсіпов (49), Санатәлі Төлтаев (64) және Бек Нұрмағанбет (81). Ал Қайрат Ералиев (56) 1/4 финалда жеңілді.

Фото: kfb.kz

Соңғы жаңалықтар