Азия чемпионаты: Қазақстандық жас боксшы екінші рет жеңіске жетті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық Адайбек Ниязбай екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, құрлықтық дода Біріккен Араб әмірлігінің Дубай қаласында өткізілуде.

Адайбек Ниязбай 2005-2006 жылғы жасөспірімдер арасында 54 келі салмақта сынға түсуде. Ол алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Екінші жекпе-жегінде Адайбек сириялық Мухаммедпен қолғап түйістірді. Шаршы алаң төрінде ол қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберді. Үшінші раундта төрешілер қазақстандық боксшының басымдығын бір ауыздан мақұлдады.

Адайбек Ниязбай бұрын Қазақстан чемпионы атанған. Сондай-ақ, Сербияда өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды.


Соңғы жаңалықтар