Азия чемпионаты: Қазақстандық велоспортшылар алтын және күміс медаль жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкентте велоспорттан Азия чемпионаты басталып, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Командалық жарыста біздің құрама спортшылары чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Жарыс жолына Қазақстан сапынан мына спортшылар шықты: Юрий Натаров, Артем Захаров, Дмитрий Груздев, Евгений Гидич, Жандос Бижігітов және Даниил Фоминых.

Ерлер арасындағы сында күміс жүлдені Оңтүстік Корея, қола медальді Гонконг командалары жеңіп алған.

Сондай-ақ, Қазақстан қыздар командасы құрлық додасының күміс жүлдегері атанды. Қазақстан намысын Наталья Сайфутдинова, Амилия Искакова, Фаина Потапова, Махаббат Үмітжанова, Виктория Пастарнак және Жанерке Санақбаева қорғады. Қыздарымыз Оңтүстік Кореяға есе жіберіп, Гонконг спортшыларынан озып кетті.

Еске сала кетейік, Ташкенттегі Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы басты фавориттердің бірі саналады.

Соңғы жаңалықтар