Азия чемпионаты: Қазақстандық боксшылар алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшелері алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрлықтық додада 56 келіде шаршы алаңға шыққан Қайрат Ерәлиев корей жігіті Ю-Чан Лиді тізе бүктірді. Сондай-ақ, 64 келіде Санатәли Төлтаев жарыстың 1/8 финалдық сатысында жеңіске жетті. Ол Индонезиядан келген Либертус Гахтан басым түсті. Ал 75 келіде ел намысын қорғап жатқан Тұрсынбай Құлахмет те өз әріптестерінің жеңісті жолын жалғастырды. Қазақстандық былғары қолғап шебері жарыстың 1/16 финалында Солтүстік Кореядан келген Чон Ил Хонды жеңді. Осындай табысқа 91 келідегі боксшымыз Василий Левит те қол жеткізіп, жарыстың 1/8 финалында ирандық Поурия Амиридің осал тұсын тапты.

Біз бұдан бұрын Азия чемпионатындағы қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталғанын хабарлаған едік

Соңғы жаңалықтар