Азия чемпионаты: Қазақстандық боксшы күміс медаль алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Зәкір Сафиуллин Қазақстанға алғашқы күміс жүлде сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

60 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандасымыз финалда монғолиялық Цендбаатар Эрденебатпен қолғап түйістірді. Аса тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер бір ауыздан монғолиялық боксшыны жеңімпаз деп тапты.

Қазақстандық 4 боксшымыз «алтын» үшін таласатынын бұған дейін жазған болатынбыз.

Алда 75 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Тұрсынбай Құлахметтің үндістандық Ашиш Кумармен, 81 келі салмақтағы Бек Нұрмағанбеттің Филиппин боксшысы Джон Нобель Марвинмен жекпе-жегі өтеді. Ал Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны, аса ауыр салмақтағы боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев өзбекстандық Баходир Жалоловпен жұдырықтасады.

Соңғы жаңалықтар