Азия чемпионаты: Қазақстан боксшыларының қарсыластары анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионатында қазақстандық ер спортшылардың алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрлықтық дода Таиланд астанасы Бангкок қаласында өткізіліп жатыр.

Қазақстандық боксшылар алғашқы жекпе-жегін Қырғызстан, Таиланд, Малайзия, Өзбекстан, Тәжікстан, Камбоджа, Кувейт елінен келген былғары қолғап шеберлерімен өткізеді.

Қазақстандық боксшылардың қарсыластары:

48 келі. Санжар Тәшкенбай - Анваржан Ходжиев (Қырғызстан)

51 келі. Даниял Сәбит - Саенгфет Танарат (Таиланд)

54 келі. Нұрсұлтан Алтынбек - Ахмед Шахаром Мухаммед Имдад (Малайзия)

57 келі. Махмуд Сабырхан - Мирзабек Мирзахалилов (Өзбекстан)

60 келі. Талғат Сырымбетов - Ян Мин (Қытай) / Абубакр Муродзода (Тәжікстан)

63,5 келі. Мухаммедсабыр Базарбайұлы - Роекпиджит Суфароек (Таиланд)

67 келі. Абзал Серік - Пенх Вантхунг (Камбоджа)

71 келі. Сабыржан Аққалыков - Сальман Аль-Шаммари (Кувейт)

75 келі. Диас Молжігітов - Даниэль Абдрахманов (Қырғызстан)

80 келі. Ерасыл Жакпеков - Бекбол Мурасбеков (Қырғызстан)

86 келі. Сағындық Тоғамбай - Шохжахон Абдуллаев (Өзбекстан)

92 келі. Ерхат Бекзат - Нусратбек Тохиров (Өзбекстан) / Асхан Резибек (Қытай)

92 келіден жоғары. Аманат Сабырғали - Асадбек Маннонов (Тәжікстан) / Джахонгир Зокиров (Өзбекстан).

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан қатысатын бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының кестесі белгілі болған еді.

Сондай-ақ, қазақстандық 10 боксшы Азия чемпионатында жүлдегер атанып үлгерді.


Соңғы жаңалықтар