Азия чемпионаты: Дариға Шәкімова қола медаль жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таиландта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Дариға Шәкімова қола медаль иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұрымды боксшылар арасында 69 келі салмақта ел намысын қорғаған Шәкімова жартылай финалда қытайлық Ниен Чин Ченмен жұдырықтасқан болатын.

Өкінішке қарай аса тартысты өткен жекпе-жекте төрешілер бір ауыздан қытайлық боксшыны жеңімпаз деп тапты. Осылайша, бүгін Шәкімова Қазақстан қоржынына төртінші қола медаль салды.

Азия біріншілігінде бұған дейін Тұрсынбай Құлахмет https://kaz.inform.kz/news/aziya-chempionaty-kazak-boksshysy-karsylasyn-20-sekundta-utyp-finalga-shykty_a3520585 финалға шыққан еді. Ал, Теміртас Жүсіпов пен Василий Левит қола медаль жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар