Азия чемпионаты: Бүгін еркін күрестен қазақстандық бес балуан сайысқа түседі

None
Фото: olympic.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 13 сәуірде Астана қаласында еркін күрестен Азия чемпионатының алғашқы ойын күні өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл күні 57, 65, 70, 79 және 96 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар сайысқа түседі.

Ел құрамасынан Рахат Қалжан (57 келі), Мұхтар Санжар (65 келі), Санжар Досжанов (70 келі), Болат Сақаев (79 келі), Бекзат Үркімбай (97 келі) бозкілемге шығады.

Қазақстандық балуандар арасынан Рахат Қалжан 1/4 финалда қырғызстандық Алмаз Сманбеков пен пәкістандық Мухаммад Билал жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ал, Мұхтар Санжар алғашқы белдесуінде ирактық Мохаммед Аль-Джавадпен күрессе, Санжар Досжанов Оңтүстік Корея өкілі Пак Су Хенмен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, ел құрамасынан Болат Сақаев ширек финалда түрікменстандық Веппа Хеменеков пен жапониялық Яджуро Ямасакиның жұбының жеңімпазымен кездессе, Бекзат Үркімбайдың алғашқы қарсыласы – түрікменстандық Шатлык Хемелияев.

Еске салсақ, грек-рим күресінен Азия чемпионатында ел құрамасы жалпы есепте үшінші орынға тұрақтады. Еншісінде 1 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль бар.

Сондай-ақ, әйелдер күресінен қазақстандық балуандар 2 алтын, 3 қола медальмен төртінші орын алды.


Соңғы жаңалықтар