Азия чемпионаты: Бүгін әйелдер күресінен жүлделер сарапқа салынады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 11 сәуірде Астана қаласында әйелдер күресінен ересектер арасында Азия чемпионатының алғашқы ойындары өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында күрес түрлерінен Азия біріншілігі болып жатыр.

9-10 сәуір күндері еркін күрес шеберлері жүлделерді сарапқа салды.

Енді 11-12 сәуірде әйелдер күресінен сайыстар болады.

Еліміздің әйелдер құрамасы:

50 келі - Эллада Махяддинова (Ақмола облысы)

53 келі - Алтын Шағаева (Алматы облысы)

55 келі - Марина Седнева (Алматы облысы)

57 келі - Нилуфар Раимова (Түркістан облысы)

59 келі - Диана Каюмова (Астана қаласы)

62 келі - Ирина Кузнецова (Ақмола облысы)

65 келі - Альбина Қайыргелдинова (Ақмола облысы)

68 келі - Елена Шалыгина (Шымкент қаласы)

72 келі - Жәмила Бақбергенова (Астана қаласы)

76 келі - Эльмира Сыздықова (Қарағанды облысы).

11 сәуірде 50, 55, 59, 68, 76 келідегі балуандар күреседі.

Алдымен Эллада Махяддинова алғашқы белдесуінде филиппиндік Джиа Пинготпен шеберлік байқасса, Марина Седнева ширек финалда үндістандық Ситомен кездеседі.

Тағы бір балуанымыз Диана Каюмова ширек финалда қырғызстандық Калмира Билимбекқызы мен өзбекстандық Сарбиназ Жиенбаева жұбының жеңімпазымен бәсекеге түседі.

Ал Елена Шалыгина алғашқы белдесуде түркіменстандық Огульян Эгембердиевамен бозкілемге шықса, Эльмира Сыздықова ширек финалда өзбекстандық Озода Зарипбоевамен сайысқа түседі.

Сондай-ақ, 12 сәуірде 53, 57, 62, 65, 72 келі салмақта балуандар бақ сынайды.

Күндізгі сессия сағат 11:30-де (алдын ала, жартылай финал және жұбаныш белдесулері) басталса, кешкі сессия 18:00-де (1-ші және 3-ші орын үшін) өткізіледі.

Азия чемпионатын «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Еске салсақ, грек-рим күресінен Азия чемпионатында ел құрамасы жалпы есепте 3-орынға тұрақтады. Еншісінде 1 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль бар.

Соңғы жаңалықтар