Азия чемпионаты: Бүгін әйелдер күресінен қазақстандық бес балуан сайысқа түседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 12 сәуірде Астана қаласында әйелдер күресінен Азия чемпионатының екінші ойын күні өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл күні 53, 57, 62, 65, 72 келі салмақта жүлделер сарапқа салынады.

Ел құрамасынан Алтын Шағаева (53 келі), Нилуфар Раимова (57 келі), Ирина Кузнецова (62 келі), Альбина Қайыргелдинова (65 келі), Жәмила Бақбергенова (72 келі) сынға түседі.

Қазақстандық спортшылар сапынан алғашқы белдесуінде Алтын Шағаева тайпейлік Се Мэн-сюаньмен шеберлік байқасса, Нилуфар Раимова да сол елдің өкілі Чэн Юй-ханьмен кездеседі.

Ал Ирина Кузнецованың қарсыласы - оңтүстіккореялық Джо Су-вен.

Ел құрамасынан Альбина Қайыргелдинова жапониялық Махиро Ёситакэ және қырғызстандық Дилназ Сазановамен бірге жарыстың алдағы сатысына берілетін жолдаманы сарапқа салады.

Сондай-ақ, Жәмила Бақбергенова ширек финалда тайпейлік Хунг Пин-ценмен сайысқа түседі.

Айта кетсек, әйелдер күресінен жарыстың алғашқы күнінде ел құрамасынан Эльмира Сыздықова (76 келі) чемпион атанса, Марина Седнева (55 келі), Елена Шалыгина қола алды.

Соңғы жаңалықтар