Азия чемпионаты: боксшы Сәкен Бибосынов күміс жүлдегер атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов өзбекстандық қарсыласынан ұтылып қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Финалда 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізген Сәкен Бибосынов өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен жұдырық түйістірді. Төрешілердің есебінде айырмашылық болғанымен, жеңіс Өзбекстан боксшысына берілді. Осылайша, Сәкен Бибосынов күміс медальді иеленді.

Мұның алдында қазақстандық боксшы жапониялық Томоя Цубоимен жұдырықтасып, төрешілер есебімен (5:0) финалға жолдама алған болатын.

Еске салсақ, Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін ерлер арасында 9 қазақстандық алтын жүлдеге таласатыны хабарланды.


Фото: sports.kz
Соңғы жаңалықтар