Азия чемпионаты: Боксшы Әнуар Мұзаппаров ширек финалға шыға алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан Азия чемпионатында қазақстандық Әнуар Мұзаппаров ширек финалға шыға алмай қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азия чемпионаты Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатыр. Құрлықтық додада біздің жігіттер барлық салмақта бақ сынайды.

Дегенмен бүгін Әнуар Мұзаппаров жарысты жалғастырудан шет қалды. Ол жарыстың 1/8 финалында қырғызстандық Азат Үсенәлиевке есе жіберіп қойды. Әнуар жарыстың 1/16 финалдық сатысында Енкхмандах Хардурджуді сүріндірген еді. Еліміздің жігіттер құрамасы осылайша алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын қазақстандық боксшы Сәни Сұлтанқызы 1/16 финалда тәжікстандық Мижгона Самадоваға жеңіліп қалғанын хабарлаған едік.

Бүгін Азия чемпионатында тағы бес боксшымыз шаршы алаңға шығады. Елорда уақытымен 12.00 басталған күндізгі сессияда Асланбек Шымбергенов (69 келі), Назым Қызайбай (51 келі) және Бек Нурмаганбет (81 келі) ел намысын қорғайды. Ал кешкі сессияда 1/8 финалда Закир Сафиуллин (60 келі) және Римма Волосенко (60 келі) жарыс жолына шығады. Атап кетерлігі, Асланбек Шымбергенов таиландтық Сайлос Ардимен , Бек Нұрмағанбет кувейттік Бадер Альмутаиримен Закир Сафиуллин вьетнамдық Дат Ву Тханхпен қолғап түйістіреді.

Еске салсақ, кеше жігіттерден Теміртас Жүсіпов (49 келі), Қайрат Ерәлиев (56 келі), Санатәлі Төлтаев (64 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі), қыздардан Алуа Балқыбекова (48 келі), Динара Жоламан (54 келі) ширек финалға жолдама алған еді.

Фото: www.kfb.kz

Соңғы жаңалықтар