Азия біріншілігі: Қазақстанның дзюдо құрамасы алғашқы күні 3 күміс, 4 қола алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тайбэйде дзюдодан жастар арасында Азия чемпионаты өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, құрлық біріншілігіне 21 елден 170 спортшы қатысуда.

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасы 3 күміс, 4 қола медальға ие болды.

Атап айтқанда, Ғалия Тынбаева (48 кг), Ақжол Қайыпхан (52 кг) және Меруерт Сәрсенова (57 кг) финалда ғана қарсыластарына жол беріп, екінші орынға ие болды.

Ал Ақмарал Науатбек (48 кг), Дамир Болатбеков (60 кг), Ермек Амангелді (66 кг) және Айбар Мұқышев (73 кг) үздік үштікті түйіндеді.

Азия чемпионаты одан әрі жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық кадеттер Азия чемпионатын 4 алтын медальмен қорытындылаған болатын.

Соңғы жаңалықтар