Әзірге ешбір өңір «қызыл» аймаққа кірген жоқ - комиссия

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 10 шілдедегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

«Қызыл» аймақта ешқандай өңір жоқ.

«Сары» аймақта Алматы қаласы тұр.

«Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары орналасқан.


Соңғы жаңалықтар