Әзірет Сұлтан мешітінің ұлттық нақыштары туристерді қызықтырады - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. Қазақпарат - «ҚазАқпарат» ХАА назарларыңызға әдеттегідей шетелде қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Тілейхан Әлмәлікұлы Моңғолия Энергетика инженерлер одағының президенті болып тағайындалды - ulgiinews.mn

null 

Бұл ақпаратты 30 қараша күні Моңғол елінің Баян-Өлгий аймақтық ulgiinews.mn порталы мәлімдеді. Аталған ақпарат көзінің мәліметінше, бейсенбі күні Моңғолия энергетикалық инженерлер одағының басқармасының мәжілісі өткен. Мәжілісте одақтың президенті лауазымына Энергетика үйлестіру комитетінің төрағасына Тілейхан Әлмәлікұлын, вице-президентіне елдің кеңесші инженері Р.Ганжуур тағайындалған.

Тілейхан Әлмәлікұлы, жылдары екі мәрте Моңғолияның Заң шығарушы органы - Мемлекеттік Ұлы Хурал мүшелігіне (2008-2012 және 2012-2016 жылдар) сайланған. Ол Моңғолия қазақтарының арасынан шыққан зиялы азаматтарымыздың бірі.

Сондай-ақ, осы ulgiinews.mn-порталы танымал бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызына аймақтық Полиция басқармасының басшысы құрмет көрсеттідеп жазады 

null 

 «Бүркітші қыз» атымен әлемге әйгілі болған Баян-Өлгий аймағындағы 11 сынып оқушысы  Айшолпан Нұрғайыпқызына 28 қараша күні аймақтық полиция басқармасы арнайы құрмет көрсеткен.

Аталған ақпарат көзінде «Полиция басқармасының бастығы,  подполковник Б.Батхүү «Әйел адам батыл, ержүрек, сабырлы да шыдамды, орамды болатынын дәлелдеп, отанының жақсы атын жер жаһанға танытқаныңа зор алғыс айта отырып,  оқуың мен өнеріңе табыс тілеймін!» деп сый-құрмет жасады деп жазылған.

Естеріңізге сала кетейік, Айшолпанның өз өмірінен алынған «Бүркітші» филімі қараша айында АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында көрсетілген болатын. Ол Азия қоғамы фестивалінде «Азия құрлығын өзгерткен азамат» атты мәртебелі марапатқа ие болған еді.

Қазақ жастары Қытай мен Қазақстанның мәдениетін таныстыруға үлес қосты - People Daily

null 

Қытайлық «Жэньминь жибао» ақпараттық порталы осындай мазмұнда шағын мақала жариялады. «90 жылдардың түлегі» деп аталған қазақ жастары Ернұр мен Жайна Шыңжанның Нылқы ауданында туған. Екеуі Шанхай қаласындағы Тұңжи университетінің кәсіп көзін ашу орнында «Елжау мәдениет тарату» ЖШС жұмыстарын жүргізе отырып, Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастыққа өздерінің үлестерін қосқысы келеді.

null null 

«2015 жылы Ернұр Шанхай Тұңжи университетінің мәдениет саласындағы өндірісті басқару кәсібі бойынша оқуын тәмамдап Қазақстанға арнайы келген. Сол кезде ол екі ел арасындағы экономикалық қатынастар жақсы жолға қойылғанымен, мәдени байланыстардың жеткіліксіз екенін байқайды. Содан кейін Қытайға қайтып келіп, кәсіп көзін ашпақ болады. 2016 жылы қыркүйекте Жайна Шыңжандағы Тұңжи университетіне аспирантураға қабылданған соң Ернұр қызметін тастап, екеуі бірге серіктестік құрады» деп жазады аталған ақпарат көзі.

null null 

People Daily-дың мәліметінше, басында кәсіп көзін ашу жолы екі жасқа оңай болмағанын. Түрлі қаржылық кедіргілер, отбасындағылардың қолдамауы сынды жағдайлар олардың алғашқы ойларынан қайтуына кедергі бола алмапты. Осындай қиындық болған кезде Ернұр мен Жайнаға ұстаздары мен курстастары көмек қолын созып, жақсы ұсыныстарын берген. Жаңа құрылған серіктестік Тұңжи университетінің кәсіп көзін ашушыларға көмектесу қаражаты арқылы біртіндеп өз жолын тапқан. Қазір олар Қытайдың мәдениет өнімдерін Қазақстанға қалай жеткізуді ойластыруда. Сонымен бірге Қазақстанның әлеуметтік желілерінде аккаунт ашып, Қытай мәдениетін Қазақстанға таныстыруды жоспарлап отыр.

null null  

Шетелдік туристке бүркітшілер фестиваліндегі ұлттық ойындар ұнамай қалды- kaznews.mn

null 

Моңғолиялық kaznews.mn порталында осындай мазмұнда апта соңында  шағын мақала жарияланды. Бұл хабар Баян-Өлгий аймағында 30 қыркүйекте өткен дәстүрлі бүркітшілер фестивалі турасында болған. Жазбаның әуелгі авторы сол бүркітшілер тойына келген шетелдік турист екен. Ол өзіне аңшылардың киімдері мен бүркіттері ұнағанымен, бұл жолғы бүркітшілердің тойында  болған кейбір жағдайлардың көңіліне жақпағандығын білдірген.

«Қыркүйектің 30 күні ұйымдастырылған Бүркітшілер тойында алған әсерімен шетелдік блогер Лиза өзінің lisa.vanderzweep.be  блогында бөлісті. Бұл жөніндегі ақпаратты әлеуметтік желідегі парақшамызға Megan Fitz-James хабарлады» деп басталады мақала.

Шетелдік турист блогер Лиза бүркітшілер тойында алған әсерін былай деп қалдырады: «...Фествальдің бірінші күні жарысқа қатысушылар тіркеліп, алғашқы жарыстар басталады. Ең әуелі аңшылар бүркіттерін жіберуге арналған жерге барды. Бүркітімен тауға көтеріліп, уақыты келген кезде төмен қарай босатты. Бізге бұл қиын жұмыс болып көрінді» дейді автор.

Лиза есімді блогерге сол күні өткен саятшылықтан өзге «түйе жарысы», «қыз қуу», «теңге ілу» сияқты бізге ең қызықты саналатын ұлттық ойындар ұнамай қалған сыңайлы.

«Күннің қалған бөлігінде түйе жарысы өтті. Бұл туристер үшін түсініксіз іс-шара болды. «Теңге ілу» және «қыз қуу» болды. Біз не болып жатқанын әрдайым біле бермесекте, амалсыздан соның бәрін тамашалап жүруді жөн көрдік...» деп жазады блогер. kaznews.mn порталы аталған ақпараттың соңында бұл бүркітшілер тойының жағымды жақтарын жазған тағы шетелдік блогердің мақаласымен бөліскен. Алайда оны аудармастан тек сілтемесін берген. Ол мақала ағылшын тілінде жазылыпты.

Сондай-ақ «Megan Fitz-James тағы бір блогердің бүркітшілер фестивалінің жақсы тұстарын дәріптеген мақаласымен бөлісті. Мақаланы оқу үшін сілемеге басыңыз» деп түйіндеген.

 

Шыңжанның құмды тізгіндеу жобасы Такламакан  шөлейтін «жапты» - «Тяньшаньнет»

null  

Шыңжанның Черчен ауданының алып тор іспетті құмды тізгіндеу технологиялық жобасы Такламан құмдығын «ұстады». Бұл туралы қытайлық https://kz.ts.cn ақпараттық порталы мәлімдеді. Такламакан құмының жиегіне орналасқан Черчен ауданындағы құмдықтың көлемі жалпы құмды өңірдің 40%-ын иелейді. Экологиялық жасыл аймақты ұшы-қиырсыз құмды шөл күн сайын жалмап, құмды боран азынап, экологиялық орта барынша нашарлаған еді.

null 

Жергілікті билік өсімдік жамылғысын тормен тоқып, ағылған құм көшкінін тоқтатуға күш салуда.

null 

Құмдықтың қаланы басып қалуын тосу үшін Черчен ауданы 1998 жылы бораннан сақтанып, құмды тізгіндеу қызмет пунктін құрып, Хыдұң құмды тізгіндеу жобасын бастайды. Аталған жоба бойынша 2017 жылы қарашаға дейін құмды тізгіндеу базасының өсірген орман аумағы 7400 гектарға жеткен.

null 

Қазір 8 кәсіпорын құм көшкінін тоқтаудың экологиялық жобасына  қатысып, осы тәсілмен 1500 гектарға жуық жерді құм басуының алдын алған.

null null null 

Астана Қытайдан қазақ диаспорасының құқығын сақтауды сұрады - «Фарс» агенттігі

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары мен Қытайдың Астанадағы елшісі кездесіп, Қытайдағы қазақ диаспорасының құқығы тақырыбын қарастырды. Бұл туралы Ирандық parstoday.com ақпараттық порталы мәлімдеді

«Фарс» хабар агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан СІМ-нің орынбасары Ақылбек Камалдинов Астанадағы Қытайдың елшісі Чжан Ханьхуэймен кездесіп, Қытайдағы қазақ диаспорасының құқықтарын сақтау тақырыбын қарастырған.

«Сонымен қатар Қытайдағы қазақтарға Қытайдың жергілікті басшылары тарапынан қысымның жасалуы да екі елдің консулдық өкілдерінің кездесуінде талқыға салынды. Дипломаттар қазақтардың арыз-шағымдарын Қытайдың Бейжіңдегі Сыртқы істер министрлігіне жіберді.

Қазақстанның СІМ  Қытай қазақтарының қысымның артуы туралы көптеген арыз-шағымдарының елінің басшыларына айтылғанын мәлімдеді. 

Соңғы айларда Қазақстан басылымдары мен басқа ақпарат құралдары Синь-Цзянь өлкесіндегі адамдардың мәліметтерінше Қытайдағы қазақ диаспорасы Қытай басшыларының қатаң бақылауына алынып, оларға қатты қысым жасалуда» деп жазды аталған ақпарат көзі.


Әзірет Сұлтан мешітінің ұлттық нақыштары туристтерді қызықтыруда - trt.net.tr

null  

Бұл аптада дәл осындай тақырыппен Түркия радио теледидар порталы хабарлаған болатын. Нақтырақ айтсақ Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінің ұлттық нақыш, ою-өрнектері шетелдік туристтерді қызықтыруда.

«Орталық Азияның екінші үлкен мешіті Әзірет Сұлтан мешітінің іші ұлттық нақыш, ою-өрнектермен безендірілген. ...Астананың теңдесі жоқ және керемет ғимараттары арасында орын алады. Мешіт 13 гектарлық бір алаңға ие. Шамамен 10 мың адамның ғибадат жасауына жағдай жасайтын мұнаралы  мешіт  дәстүрлі хан сарайы тәрізді» деп жазады аталған ақпараттық портал.

«Орталық Азияда Түрікменстандағы Түрікменбашы Рухани мешітінен кейінгі екінші үлкен мешіт болған Әзірет Сұлтан мешітін аралау үшін Қытайдан, Ираннан, Еуропаның әртүрлі елдерінен көптеген турист келеді.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Әзірет Сұлтан» деп атаған мешіттің Күмбез саны - 10, олардың диаметрлері - 10,45 метр. Төрт мұнараның әрқайсысының биіктігі - 77 метр. Мешітте 26 тірек бар. Мешіт аумағында 745 көлікке арналған ашық автотұрақ орын алады» деп толықтай таныстырады trt.net.tr порталы.

 

Соңғы жаңалықтар