Әзіл-қалжың майталмандары елордада естен кетпес кеш өткізбек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қыркүйек күні Астананың 20 жылдығына арналған «Astana Azil Star Fest» мега жобасы өткізіледі. Қайталанбас әзіл кешінің өтетіні жайлы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай өзінің фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігі Астана қаласының 20 жылдығына орай ТМД елдерінің белді әртістерінің және отандық сатира саласы үздіктерінің қатысуымен ауқымды әзіл фестивалін ұйымдастыруды көздеп отыр. «Astana Azil Star Fest» - бұл әзіл саласында бұрын соңды болмаған мега жоба. Қағытпа қалжыңның майын ішіп, жілігін шаққан әзілкештер мен әзіл-сықақ театрларының думанды кеші», - деп жазады Айдар Қырықбай.

Кешті елімізге танымал шоумен Тұрсынбек Қабатов жүргізеді. Әзілкештер бас қосатын кеш елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді. Бір сахнада «Өнер қырандары», «Алдараспан театры», «Әзіл әлемінің» актерлері, «Әзілмен» жобасының үздіктері бас қоспақ.

Соңғы жаңалықтар