Азиадада жүлде алған спортшылардың алды елге оралды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін жүзуден Азия ойындарында екі мәрте қола жүлдегері атанған Әділбек Мусин Астанаға ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей ол Жакартадан Астанаға ұшып келді.

Спортшы елорда әуежайына қонған бетте оның ата-анасы мен бір топ жанкүйерлер жиналып, Әділбектің қуанышын бірге бөлісті.

«Азия ойындары секілді ірі жарыстан алғаш рет жүлде алып отырмын. Қуанышымда шек жоқ. Мұндай додада жеңімпаздар қатарына қосылу мен үшін үлкен бақыт. Әрбір спортшыға осындай сәтті бастан кешіруді шын жүрегіммен тілеймін. Командалас жігіттерге рахмет. Эстафеталық сында жүлдегер атанудың салмағы да, бағасы да жоғары. Дәл кешегідей қуанышты сәт қайталанғанын қалаймын, әрине. Енді дайындығымызды одан әрі арттырып, жанкүйерлерді қуантуға тырысамыз», - дейді Мусин.

Еске сала кетейік, Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде және эстафеталық сында қола жүлдегер атанған болатын.

Соңғы жаңалықтар