Азиада: Қазақстан қоржынына 26-шы қола медаль түсті

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық каратеші Данияр Юлдашев Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Азия ойындары ақпараттық сайтындағы деректерге сәйкес, ерлер арасында 84 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз қола медаль үшін белдесуде, Иордания елінің спортшысын 7:2 есебімен қапы қалдырды.

Данияр Юлдашев 1/8 және 1/4 финалда Тайланд және Макао спортшыларын тізе бүктірсе, жартылай финалда Вьетнам елінің спортшысына есе жіберді.

Айта кетейік, қәзіргі уақытта Қазақстан құрамасы 4 алтын, 7 күміс және 26 қола медалмен, жалпы есепте 11-орынға жайғасты.

null 

Фото: Данияр Майлыбаев

Соңғы жаңалықтар