Азиада қарсаңында Алматыда волонтерлерді тарту шаралары 2009 жылдың соңына дейін жалғаспақ

None
None
АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - Азиада қарсаңында Алматыда волонтерлерді тарту шаралары 2009 жылдың соңына дейін жалғаспақ,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Қысқы Азия ойындарының сайтына сілтеме жасап.

Жақында Алматы қаласындағы 7-ші Азия ойындары дирекциясының ұйымдастыруымен ерікті көмекшілер даярлауды дамыту мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті. Шараға Азиаданы жоғары деңгейде өткізу үшін атсалысуға дайын жастар және әлеуметтік-зерттеу орталықтарының жетекшілері қатысты.

Алматы дирекциясының жетекшісі Сұлтанмахмұт Шоқбытовтың сөзіне қарағанда, аталған ауқымды шараға волонтерлерді тарту 2009 жылдың соңына дейін жалғасады. 

Жиын соңында келісілген шешім бойынша жастар қозғалысымен өзара қарым-қатынас жасау үшін Үйлестіру кеңесі ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар талқылау барысында еріктілердің жұмысын ұйымдастыру, оларды іріктеу мәселелері сөз болды.

Соңғы жаңалықтар