Азиада: Грек-рим күресінен команда құрамы анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грек-рим күресі бойынша Қазақстан құрамасының бас бапкері Нұрым Дүйсенов Джакартадағы Азия ойындарына баратын спортшыларды атады. Бас құрлықтық жарыс 18 тамыздан 2 қыркүйекке дейін өтеді , деп хабарлайды olympic.kz.

Қазіргі таңда Н. Дүйсенов басшылығындағы грек-рим стиліндегі балуандар Таразда соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Азия ойындарындағы грек-рим күресінен Қазақстан командаларының құрамы:

60 кг. Мейрамбек Айнағұлов (Ақтөбе облысы)

67 кг. Алмат Кебісбаев (Астана қ.)

77 кг. Асхат Ділмұхамедов (Алматы обл.)

87 кг. Азамат Қыстыбаев (Астана қ.)

97 кг. Ерұлан Ысқақов (Қарағанды обл.)

130 кг. Нұрмахан Тіналиев (Алматы обл.)

Бас бапкер: Нұрым Дүйсенов.

Соңғы жаңалықтар