Азиада-2018: Таэквондодан екі қазақстандық спортшы жартылай финалға өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Индонезияда өтіп жатқан ХVIII Жазғы Азия ойындарында таэквондодан Қазақстан командасының мүшелері Руслан Жапаров пен Жансель Дениз жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК-тің баспасөз қызметі мәлім еткендей бүгін Джакарта қаласыда Жансель Дениз (+67 келі) ширек финалда Вьетнам спортшысын 16:1 есебімен ойсырата ұтып, жартылай финалға өтті. Отандасымыз 1/16 бәсекеде Дениз Филиппин спортшысынан басым түскен болатын. Енді жартылай финалда Жансель өзбекстандық Светлана Осиповамен кім мықтыны анықтайды.

Ал команда үздігі Руслан Жапаров (+80 келі) ширек финалдағы таиландтық қарсыласын 30:15 есебімен тізе бүктірді.

Фото: olympic.kz

Соңғы жаңалықтар