Азиада-2018: Су добынан Қазақстанның ерлер командасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

None
None
АСТАНА. қазАқпарат - Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында су добынан Қазақстаныңн ерлер командасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінің мәлім етуінше, бүгін Азия ойындарында су добынан ерлер арасындағы бәсеке басталды.

Су добынан Қазақстанның ерлер командасы алғашқы матчын Оңтүстік Корея командасына қарсы өткізіп, 16:9 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан командасының келесі кездесуі 27 тамыз күні Сингапурге қарсы өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстан құрамасы 8 медаль жеңіп алған болатын. Нақтырақ айтқанда, велошабандоз Алексей Луценко құрамаға үшінші «алтынды» салса, күміс медальды жұптаса шыққан теннисшілер Александр Бублик пен Денис Евсеев алып берді. Қола медальге джиу-джитсудан Нұржан Сейдуәлі мен Нартай Қажеков, теннисші жұптан Гүзәл Айнитдинова/Анна Данилина мен Александр Недовесов/Анна Данилина, жүзуден Дмитрий Баландин мен дәл сол спорт түрінен Қазақстан ерлер құрамасы қол жеткізді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 34 медальмен Азия ойындарының жалпы рейтингінде 11 орында келеді.

Соңғы жаңалықтар