Азиада-2018: су добынан Қазақстан қыздар командасы қытайлықтардан ұтылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 2018 жылғы Азия ойындарында командалық спорт түрлерінен іріктеу кезеңдері өтуде деп жазады Olympic.kz. 

Қазақстан ватерполшылары қытайлық қарсыластарына жол берді. Біздің команда Қытай қыздарынан 4:11 есебімен ұтылды. 

Қазақстандық команда Жапония, Қытай, Таиланд, Гонконг және Индонезиямен бірге "А" тобында сынға түседі.

Бұл топтағы өзге матчта Жапония құрамасы жарыс қожайыны саналатын Индонезияны 15:5 есебімен жеңді. 

Біздің команданың келесі кездесуі 17 тамыз күні Таиландқа қарсы өтеді. 

Соңғы жаңалықтар