Азиада-2018: Семсерлесуден қазақстандық қыздар жартылай финалға өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан ХVIII Жазғы Азия ойындарында семсерлесуден қыздар арасындағы командалық сында жерлестеріміз жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін Джакартадағы Азия ойындарында семсерлесуден қыздар арасындағы командалық бәсеке өтуде. Командалық сынға Тамара Почекутова, Әйгерім Сарыбай, Айбике Хабибуллина және Татьяна Приходько қатысып жатыр.

Қазақстандық команда ширек финалда Гонконг құрамасын 45:40 есебімен тізе бүктіріп, Азиаданың жартылай финалына өтті.

Енді қазақстандықтар Қытай құрамасына қарсы ойнайды.

Еске сала кетейік, семсерлесу ережесі бойынша, жартылай финалда ұтылған команда автоматты түрде қола жүлдегер атанады.

Соңғы жаңалықтар