16:18, 21 Тамыз 2018 | GMT +6
Азиада-2018: Қазақстандық Кирилл Казанцев қола медаль жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Кирилл Казанцев маунтинбайктан қола медаль иегері атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА Қазақстанның ҰОК-ға сілтеме жасап.
Спортшы кросс-кантри категориясында сынға түсті. Казанцев алғашқыда үш айналым бойынша бірінші орында келе жатты. Алайда қытайлық спортшылар басымдық танытып, отандасымыздың алдына шығып кетті. Нәтижесінде Казанцев қытайлық спортшыдан 2 минут 32 секундқа кейін қалып, үшінші орынға табан тіреді. Екінші орынды да Қытай спортшысы еншіледі.
Бағдарламаның аталмыш түрінен тағы бір отандасымыз Шарик Әділов сынға түскен еді. Спортшы жарысты 8-орынмен тәмамдады.