Азиада-2018: Қазақстандық боксшы алғашқы айқасын жеңіспен бастады

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында  қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов алғашқы айқасын жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін Жакартадағы Азия ойындарында боксшылар бәсекесі басталды.

Қазақ боксшыларының арасынан алғаш болып 69 келідегі Асланбек Шымбергенов шаршы алаңға шығып, индонезиялық қарсыласын 5:0 есебімен тізе бүктіріп, 1/8 финалға өтті.

Бүгін Азат Махметов пен Сәния Сұлтанқызы да Азиададағы алғашқы жекпе-жектерін өткізеді.

Соңғы жаңалықтар