Азиада-2018: Қазақстан самбодан алғашқы медальға қол жеткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Азия ойындарында самбошыларымыз медаль үшін бақ сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz сілтеме жасап.

Әйелдер арасында самбодан 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айжан Жылқыбаева Индонезияның спортшысы Мария Магдалена Инспен қола жүлде үшін күресті. Айжан қарсыласынан басым түсіп 4-0 есебімен ұтты.

Қазақстан құрамасы үшін бұл Азия ойындарындағы алғашқы жүлде. Қазіргі уақытта ел қордынында 62 медаль бар оның - 11-і алтын, 11-і күміс, 40-ы қола.

Соңғы жаңалықтар