Азиада-2018: Қазақстан құрамасы нешінші орында

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 қыркүйекке дейін созылатын Азия ойындарында Қазақстан 1 алтын, 5 күміс, 7 қола медальмен рейтингте оныншы орында келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, Индонезияда өтіп жатқан 2018 жылғы Азия ойындарының алғашқы күні қазақстандықтар алтын, күміс және екі қола медаль жеңіп алған болатын. «Алтынды» семсерлесуші Дмитрий Алексанин, «күмісті» еркін күрестен Данияр Қайсанов, дәл осындай спорт түрінен Саятбек Оқасов мен Әділет Давлумбаев қола медальдарды иеленген.

Азиада ойындарының екінші күні (20 тамызда) ел қоржынына күміс жүлде бұйырды. Оны осыған дейін хабарлағанымыздай екінші орынды әйелдер күресінен Жұлдыз Ешімова жеңіп алған еді.

Дәл осы күні таеквондошы Фариза Алдоңғарова ел қоржынына тағы бір қола медальды алып берген.

Тартысты сайыстың үшінші күні Қазақстан қоржынына біршама медаль түсті. Дегенмен, медальдардың ішіндегі «алтыны» әлі де бұйырмай тұр. Алтыннан кейінгі күміс жүлдені бүгін ұлттық құрамаға таэквондошы Жансель Дениз, балуан Алмат Кебіспаев, судағы полодан Қазақстанның әйелдер құрамасы алып берді. Ал қола медаль маунтинбайкер Кирилл Казанцев, балуандар Элмира Сыздықова мен Мейрамбек Айнағұлов, таэквондошы Руслан Жапаровқа бұйырды. 

Соңғы жаңалықтар