Азиада-2018: Қазақстан қоржынына 8-ші қола медаль түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -   Индонезияда өтіп жатқан ХVIII Жазғы Азия ойындарында семсерлесуден Қазақстан әйелдер құрамасы ел қоржынына сегізінші қола медалді салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК-тің баспасөз қызметі мәлім еткендей бүгін бүгін семсерлесуден Қазақстан әйелдер командасы Қазақстан қоржынына 14-ші жүлдені салды.

Тамара Почекутова, Әйгерім Сарыбай, Айбике Хабибуллина және Татьяна Приходько жартылай финалда Қытай құрамасына жол берді. Есеп - 25:45.

Семсерлесу спортының ережесі бойынша, жартылай финалда жеңіліс тапқан команда автоматты түрде қола жүлдеге иелік етеді.

Осылайша, жақында ғана Азия чемпионатынан жүлделі оралған семсерлесуші қыздар Азия ойындарында да үздіктер қатарына енді.

ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар