Азиада-2018: Қазақстан қоржынына 3-ші алтын медаль түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында  Қазақстан қоржынына 3-ші алтын медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК-ті мәлім еткендей бүгін Азия ойындарында велоспорттан жекелей сын аяқталып, қазақстандық Алексей Луценко жеңімпаз атанып, екінші алтын медалін жеңіп алды.

Топтасып жарысудан мәреге бірінші келген Луценко жекелей сында да өз мықтылығын дәлелдеді. Ол 40 шақырымды 55.37.13 уақыт көрсеткішінде жүріп өтті.

Күміс жүлде иеленген өзбекстандық Мураджон Халмуратов біздің спортшыдан 1.33.39 секундқа, ал қола жүлдегер атанған жапониялық Фумиюки Беппу 1.42.07 секундқа қалып қойды.

Осылайша, Алексей Луценко Азия ойындарында екі мәрте топ жарып, Қазақстан қоржынына үшінші алтын жүлдені салды.

Соңғы жаңалықтар