Азиада-2018: Қазақстан қоржынына 10-шы қола медаль түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан ХVIII Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 10-шы қола медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ҰОК-тің хабарлауынша, семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы кезекті қола медалді жеңіп алды.
Семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы жартылай финалда Жапония құрамасына жол беріп, құрлық додасында үздік үштікке енді. Есеп - 36:45.
Осылайша Эльмир Алимжанов, Дмитрий Алексанин, Руслан Курбанов және Вадим Шарлаимов төрттігі Азия ойындарының қола жүлдегері атанып отыр.
Еске сала кетейік, осыған дейін аталған спорт түрінен қазақстандық қыздар құрамасы да қола медаль жеңіп алды. Ал 19 тамыз күні семсерлесуші Дмитрий Алексанин Қазақстан қоржынына алғашқы және әзірге жалғыз алтынды салған болатын.

Соңғы жаңалықтар