Азиада-2018: Қазақстан бесінші орыннан 11-ші орынға сырғып кетті

None
None
АСТАНА. қазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарының екінші күні Қазақстан құрамасы жалпы есепте бесінші орыннан 11-ші орынға сырғып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азия ойындарының арнайы сайтындағы медальдар есебі бойынша бүгін көш тізгінін ұстаған Қытай құрамасы қарсыластарынан оқ бойы озып кеткен. Олардың еншісінде 15 алтын, 12 күміс, 9  қола (36) медаль бар. Екінші орында 8 алтын, 11 күміс, 11 қола  (30) медаль еншілеген жапондық спортшылар келе жатса, үздік үштікте 5 алтын, 9 күміс, 10 қола (24) медаль жеңіп алған оңтүстіккореялық спортшылар келе жатыр. Ал Қазақстан спортшылары 1 алтын, 2 күміс, 3 қола (6) медальмен 11-ші орында келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан спортшылары Азиаданың алғашқы күні 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алса, бүгін ел қоржынына жалғыз күміс жүлде бұйырды. Оны осыған дейін хабарлағанымыздай әйелдер күресінен Жұлдыз Ешімова жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар